Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттегі ерте піскен қауын-қарбыздарда нитраттың біршама артық екені анықталды

Опубликовано:

Шымкент базарларында сатыла бастаған қауын-қарбыздардың құрамында нитраттың шамадан тыс артық екендігі анықталды деп хабарлайды otyrar.kz сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz: UGC

Ерте піскен қауын-қарбыздардың қайдан әкелінгенін сұрап, сатып алғысы келетіндер аз емес. Сауда орындарында пайда болған бақша өнімдерін арнайы зертханада тексеріп те жатыр.

«Жібек жолы» көтерме сауда базарында қауын-қарбыз тиелген біршама жүк көліктері тұр. Ерте піскен бақша өнімдері Жетісайдан Шымкентке жеткізілген. Біразы Солтүстік өңірге де тасымалданады екен.

Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz: UGC
"Бақша өнімдерінің нитратын өлшейтін қондырғы оның нормадын біршама артық екенін көрсеткен. Адам ағзасына айтарлықтай зиян емес дегенімен, көп жеуге болмайды", - деп кеңес берді сауда орнындағы арнайы зертханадағы санитар мамандар.

ОҚО-ның дихандары базарларға өнімдерін кештеу әкелген. Оның себебі - ауа райының салқындығы. Саудагерлердің айтуынша, биыл қауын-қарбыздың бағасы алдыңғы жылға қарағанда арзан.

Фото: otyrar.kz
Фото: otyrar.kz: UGC

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1736926-symkenttegi-erte-pisken-kauyn-karbyzdarda-nitratty-birsama-artyk-ekeni-anyktaldy/

pixel