RU
Жігіттерді өзіне ғашық еткен Әбдіжаппар өнерге келмес бұрын немен айналысқан?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жігіттерді өзіне ғашық еткен Әбдіжаппар өнерге келмес бұрын немен айналысқан?

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Әбдіжаппар Әлқожа өзінің өнерге келмес бұрын қандай іспен айналысқанын айтып берді. Аруларды қойып, жігіттерді ғашық етуге көшкен сері жігіттің басынан өткен қиындықтары жайлы "Сенбілік серуен" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Әбдіжаппар Әлқожа. Фото: 1APK.co

Әбдіжаппар Әлқожа. Фото: 1APK.co
Source: UGC

Әбдіжаппар Әлқожа өнер әлеміне аяқ баспас бұрын, қара жұмыстың түр-түрімен айналысып көріпті. Ол автобуста кондуктор да болған. Ұялы телефон жөндеу ісін де атқарыпты.

"Алматыға 2006 жылы келдім. Роза әпкемнің үйінде тұрып, кейін жалдамалы пәтерге шығып кеттім. Бойдақ ағам болатын, сол кісімен бірге тұрдым. 2008 жылы оқуға түстім. Оқып жүріп, жұмыс істеу қиын болды. №11 автобуста кондуктор болып жұмыс істегенмін. Бірақ оған шыдай алмадым. Бір апта істеп, шығып кеттім. Кейін көк базарда телефон жөндедім. Кейін асабалықпен де айналыстым.

Күндіз көк базардан көргендер, кешкісін тойдан көретін. Оларға “Қосымша жұмыс, үндемеңіздер” деп қойып, тірлігімді жалғастырдым. Сөйтіп жүріп, сабаққа көңіл бөлуді де қойдым. Бірақ ақша жинадым", - деді ағынан жарылған Әбдіжаппар Әлқожа.

Бүгінде хитмен тойда асаба болуды қойған. Ол біржолата әншілікке бет бұрыпты.

Сіздің реакцияңыз
6
0
5
2
3
5
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel