RU
Айтпаева ОҚО-да зорланған баланың ісін өз бақылауына алмақ
Жаңалықтар Қоғам

Айтпаева ОҚО-да зорланған баланың ісін өз бақылауына алмақ

Рассказать Вконтакте

"Бір сәтте миллиондаған баланың анасы атандым". Балалар құқығына уәкілетті парламент сенатының депутаты, Қазақстандағы ең алғашқы генерал-әйел Сәуле Айтпаева алғашқы сұхбатын осылай бастады деп жазады NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Бүгін Сенаттағы жұмыс тобының бірінші отырысында депутаттың әріптестері оны жаңа қызметімен құттықтап, гүл шоқтарын сыйлады.

Айтпаева мемлекет басшысының өкімі туралы кеше ғана естігенін айтып, жақын күндері іске асыратын жоспарларымен бөлісті.

"Ең алдымен мұның барлығын түбегейлі зерттеп, жұмыспен танысып алу керек. Бірақ мақсат анық - балалардың құқығын қорғау. Бала деп отырғанымыз әйел жатырында ұрықтанған күннен бастап, 18 жасқа толғанға дейінгі аралықты қамтиды. Бұл елбасының маған артқан зор сенімі мен үлкен жауапкершілік", - деді Айтпаева.

Сондай-ақ сенатор ОҚО-да "зорланды" деп, елді дүрліктірген бала ісін жіті тексеретінін жеткізіп, мұғалімдердің бала өміріндегі маңызды рөлін атап өтті.

"Біздің уақытымызда ұстаздарымыз анамыз сияқты болатын. Олар тіпті, отбасымызда не болып жатқанын, баланың неге қызығып, неге уайымдайтынын білетін. Сондықтан қазіргі уақытта мұғалімдердің сыныпта өткізетін уақыты да бұрынғыға ұқсас болуы керек деп санаймын", - деп сөзін қорытындылады омбудсмен.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
1
12
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel