RU
Ақтөбе облысында өгей ұлын зорлаған әке он жылға сотталып кетті
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбе облысында өгей ұлын зорлаған әке он жылға сотталып кетті

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысы, Қандыағаш қаласында 31 жастағы ер адам әйелінің бірінші некедегі ұлын зорлағаны үшін он жылға сотталды деп хабарлайды aktobetimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Google

Фото: Google

Сот жабық түрде өтті. Журналистерді тек үкім шығарарда ғана кіргізді. Сот "Жас балаларды азғындық жолға түсіру" бабы бойынша ер адамды педагогикалық қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына шеттете отырып, 10 жылға бас бостандығынан айыру туралы шешім шығарды.

Сонымен қатар, айыпталушы процессуалдық қызметтер үшін мемлекетке 540 мың теңге төлеуге міндеттелген.

Қорғаушы Бауыржан Ермановтың айтуынша, қарамағындағы ер адам өгей ұлын зорламаған, керісінше тәрбиелемек болған.

"Баланың жасы - 13-те. Алтыншы сыныпта оқиды. Істің жан-жақты зерттелуіне қатысты біздің талаптарымыз қабылданбады. Тек кінәлау бағытында болды. Соттың басты міндеті тек соттау секілді болып көрінді", - деді заңгер.

Қорғаушы Ерманов баланың анасы бүгінгі таңда сотталушыны кешіргенін алға тартты.

Енді сотталған баланың өгей әкесі апелляция беруге ниеттеніп отыр.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
3
1
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір