RU
Өзбекстанда президентке мақтау өлең арнайтындар жазаланбақ
Жаңалықтар Әлемде

Өзбекстанда президентке мақтау өлең арнайтындар жазаланбақ

Рассказать Вконтакте

Жақында өзбек билігі қазіргі президентке арнап қандай да бір ән, өлең жолдарын шығарған композиторлар мен әншілерге ескерту жасады. Бұл хабарландыру екінші маусым күні "Өзбекконцерт" мемлекеттік органы ұйымдастырған жиында айтылды. Бұл туралы ozodlik.org сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Шавкат Мирзияев. Фото: РИА Новости

Шавкат Мирзияев. Фото: РИА Новости
Source: UGC

"Белгілі бір адамдарға, ел басшыларының қызметіне арнап видеоклиптер түсіру...этикаға жат", - деді "Өзбекконцерт" уақытша директоры Азамат Хайдаров.

Оның айтуынша, осы ескертпелерге құлақ аспайтын өнер қайраткерлері лицензиядан айырылып, жазаланатын болады.

Еске салсақ, 49 жастағы өзбек әншісі Дильфуза Исмаилова "Осынау әдемі жердің сұлтаны аман болсын" деген атпен жаңа ән шығарған болатын. Бірақ ол әнді кейін барлық жерден өшіріп тастады. Себебі әнде Шавкат Мирзияев "құдай көлеңкесіне" теңеліп, шамадан тыс асқақталған.

Дильфуза Исмаилова. Фото: Озодлик Узбекистан

Дильфуза Исмаилова. Фото: Озодлик Узбекистан
Source: UGC

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
1
37
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel