RU
Жезқазғанда аурухана басшысы параны алтынмен алып келген
Жаңалықтар Қоғам

Жезқазғанда аурухана басшысы параны алтынмен алып келген

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысында Денсаулық сақтау басқармасының Жезқазған аумақтық бөлімінің басшысы парамен ұсталған болатын. Әйелге перзентхана басшылары мен ауруханалар қызметкерлері алтын бұйымдар мен ақшаны сый ретінде беріп жүрген деп хабарлайды kyn.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: lada.kz

Фото: lada.kz

Жезқазған қаласындағы аурухананың бас дәрігері өз кабинетін пара алу орнына айналдырған.

«Қалалық перинаталды орталығы басшысының орынбасары ақшалай қаражат пен зергерлік бұйымдарды қызметке тағайындалуға қолғабыс еткені және жалпы қамқорлығы үшін берген», — деп мәлім етті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Қарағанды облыстық департаменті басшысының орынбасары Ерік Есенов.

Лауазымды әйелге Жезқазған мен көрші Сәтбаев қаласындағы медицина саласының өкілдері беріп келген.

«Өзінің қызметтік кабинетінде Жезқазған мен Сәтбаев қалаларының медициналық мекеме басшыларынан бірнеше мәрте сыйлықтар алған. Олардың арасында «Жезқазған медициналық орталығы» ЖШС, «Доктор Бубновский» медициналық орталығы, «Қаратал» емханасы, Сәтбаев қаласының ауруханалары және барлық отбасылық-дәрігерлік амбулаториялар бар», — деді Е.Есенов.

Жезқазған қалалық соты әйелге үкім шығарды. Оның кінәсі толығымен расталып, бас бас дәрігерге 1 млн 750 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Оған қоса бөлім басшысы өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel