Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досының әйелімен кездесіп жүрген жігіт елден кеңес сұрады

Опубликовано:

Досының әйелі күйеуінің көзіне шөп салып жүргенін байқап қойған ер азамат енді сол келіншекпен өзі төсектес боп жүргенін айтып, елден ақыл сұрады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: желіден скриншот
Фото: желіден скриншот: UGC

Facebooк әлеуметтік желісіндегі "Жаға ұстатты" тобында Мұхтар Алдар есімді желі қолданушысы елден ақыл сұрап, көпшіліктен сын естіп тынды. Оның айтуынша, азамат досының әйелін қорқыту арқылы онымен жақын қарым-қатынаста болып жүр. Ал келіншек болса, отбасын сақтап қалғысы келгендіктен, амалсыздан оның шартына көніп жүргенге ұқсайды.

"Досымның әйелін басқа жігітпен ұстап алдым. Енді апта сайын сол қызды қорқытып, "гостиницаға" апарам. Бірақ кейін ішім біртүрлі болады. Дұрыс па?" деп жазды желі қолданушысы.

Мұны оқыған желідегілер жігіттің өзін жерден алып, жерге салды.

"Сен өзі қандай доссың?", "Ұялмай "досым" деп айтып тұрсың ба содан кейін?", "Адамдықтан безгенсің", "Сенің әйеліңді досын да сондай тірлік жасаса не істер едің?.." деп ашуға булықты желідегілер.

Фото: скриншот желіден

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1736983-dosyny-jelimen-kezdesip-zrgen-zigit-elden-kees-srady/

pixel