RU
Мейрамхана қожайыны даяшысын күштеп көңілдесі еткен
Жаңалықтар Қоғам

Мейрамхана қожайыны даяшысын күштеп көңілдесі еткен

Рассказать Вконтакте

Бойжеткен өзі даяшы болып жұмыс жасайтын мейрамхананың қожайынымен жасырын түрде кездесіп жүрген. Бұл туралы оның құрбысы желіде жазып, оқырмандардан көмек сұрады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Көрнекі фото: ivetta.ua

Көрнекі фото: ivetta.ua
Source: UGC

19 жастағы бойжеткеннің басынан өтіп жатқан оқиғасын желіге құрбысы жариялады. Әке-шешесінен, одан кейін бағып-қаққан әжесінен де айырылған ару бүгінде қожайынының қол астында тұрады.

Құрбысының айтуынша, даяшы ретінде жұмыс істеп жүрген қыз бір жылдан аса бастығының жалдап берген пәтерінде тұрады. Тіпті бір баланы дүниеге әкеліп үлгерген.

"Мейрамхана қожайыны шамамен 36-38 жаста. Намаз оқиды, әйелі мен бала-шағасы бар. Құрбымды басында қинап жүкті қылды, кейін үй жалдап беріп, өзінің көңілдесі ретінде пайдаланып жүр», - деп жазады жанашыр құрбы.

Досына қол үшін беруді ойлаған қыз желіде оқырмандардан көмек сұрады. Бойжеткен тіпті мейрамхана қожайынының әйеліне барып, шындықтың бетін ашқысы келетінін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
5
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel