Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Көзін жұмып тұрып, рубик кубигін құраған қазақ жігіті желіні жарды

Опубликовано:

Астана қаласының 20 жастағы тұрғыны көзін жұма отырып, үлкен жылдамдықпен рубик кубигін құраған видеосы желіні жарып, көпшілікті таңғалдырды Тengrinews агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Бұл видео 2018 жылдың мамыр айында түсірілген. Құрастырушы жігіт ол кезде әскери кафедрада оқып жүрген.

"Ғаламтордан видео көру арқылы 2012 жылы алғаш рет Рубик кубигін құрап үйрендім. Ал жабық көзбен 2013 жылы жаттыға бастадым. Мен курсантпын, солдат емеспін. Әзірше, Астанада әскери білім алудамын. Достарымның сұрауы бойынша үзіліс кезінде Рубик кубигін жинаған едім. Достарымның біреуі видеоға түсіріп алған болуы керек, кейін ол ғаламторға тарап кетті", - деді жігіт.

Оның айтуынша, видеоның астына жағымсыз пікір қалдырғандар бар. "Қойылым, жалған" деп айып таққандарға ол кубикті кез келген уақытта жинап бере алатынын айтты.

"Бұл жалған, оған сенбеймін" деп жазған адамдардың пікірін оқыдым. Әрине, қазір алаяқтар көп. Бірақ бәрі шынайы екендігін дәлелдей аламын. Мен Рубик кубигін жинамай тұрып түстердің қалай және қайда орналасқанын жаттап аламын. Ал кейін есте сақтағаным бойынша құрай бастаймын ", - деді Олжас.

Олжастың ресми рекорды - 12 секунд, ал бейресми орнатқан рекоры - 8 секунд.

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1736997-kzin-zmyp-tryp-rubik-kubigin-kragan-kazak-zigiti-zelini-zardy/

pixel