RU
113 келіден 58 келіге бір-ақ арықтаған атыраулық келіншек адам танымастай өзгеріп кетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

113 келіден 58 келіге бір-ақ арықтаған атыраулық келіншек адам танымастай өзгеріп кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Атыраулық келіншек Назгүл Бисенбаева ерік-жігері мен дұрыс тамақтануының арқасында 55 келі салмақ тастаған. Үш баланың анасы 113 келі салмағынан арылу үшін сегіз ай бойы арнайы формуламен жұмыс істеген деп хабарлайды ernur.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: ernur.kz

Фото: ernur.kz

"113 келі салмақпен жүрген кезімде өмір мен үшін сүреңсіз, қызықсыз болатын. Ал, дәл қазіргі уақытта мен өте бақыттымын. Жолдасымның да көзқарасы әлдеқайда өзгерген. Әрбір әйелдің осындай бақытқа жеткенін қалаймын. Сондықтан да мен сіздерге әрқашан көмек беруге дайынмын", - дейді жан сырымен бөліскен Назгүл.

Атыраулық келіншек өзі сияқты нәтижеге жеткісі келген қыз-келіншектерге төмендегі формула бойынша жұмыс істеу керектігін айтты.

Фото: ernur.kz

Фото: ernur.kz

1. Алдымен алға мақсат қойыңыз. (Мәселен: шілде айының 12-не дейін 10 келі салмақ тастаймын)

2. Арықтауды бүгіннен бастаңыз! (Ертеңге қалдыратын болсаңыз сіз ешқашан мақсатыңызға жетпейсіз)

3. Енді дене салмағының индексін есептеңіз. Алдымен бойыңызды өлшеп алыңыз. Бойыңызға 3 санын қосқанда сіздің ең үлкен салмағыңыз шығады. Мысалы: 165 см + 3 = 168 шығады. Осы шыққан санның соңғы екі саны сіздің ең үлкен салмағыңыз болуы керек. Енді осы саннан 14 кг алып тастайсыз. Яғни 68 – 14 = 54 кг. Міне, бұл сіздің ең кіші салмағыңыз болады. Арықтаған уақытта салмағыңыз 68 * 54 кг аралығында болуы керек.

4. Тағамның құнарлылығын да өлшеп алуды үйреніңіз! Ол үшін мынадай формуланы орындауыңыз керек:

655 + (6,9х84 (өз салмағыңыз)) + (1,8 х 165 (бойыңыз)) – (4,7 х 38 (жасыңыз)) = 1348 +1,2 (қозғалыс жылдамдығы) = 1617,6. Бұл сіздің осы қалыпты сақтап қалуға арналған тағам құнарлылығы.

Ал, артық салмақтан арылу үшін осы шыққан саннан 20 пайызды алып тастайсыз. Сонда Сіздің бір тәулікке қажетті тағам калориясы шығады.

1617,6 – 20% = 1294 ккал = 250 гр. тағамға тең.

5. Енді тағамның тізімін жасайсыз. Майлы, қуырылған тағамдардан бас тартып, жоғарыда келтірілген тағамның құнарлылы бойынша ас мәзірін дайындайсыз.

6. Су ішу мөлшері. 84 (өз салмағыңыз) х 30 = 2520 мл. Бір күнде осынша көлемде су ішу керек. Тамақтан 20 минут бұрын 1 стақан су ішуді әдетке айналдырыңыз. Ал, тамақтанғаннан кейін 40 минуттан соң су ішкен дұрыс.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
2
2
1
4
89
9
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір