RU
Ақтөбеде жыныстық қатынасқа түскен 22 адам аса қауіпті ауру жұқтырған
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде жыныстық қатынасқа түскен 22 адам аса қауіпті ауру жұқтырған

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде дәрігерлер бір жыл ішінде облыстағы 100 мың адамды АИВ (ВИЧ) инфекциясына тексерістен өткізді. Облыста жыл басынан бері иммундық тапшылығы вирусын жұқтырудың 25 дерегі анықталған. Олардың үшеуі ауруды есірткі инесінен жұқтырса, 22-сі жыныстық қатынас арқылы жұқтырып алған. Бұл туралы aktobenews.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото.

Көрнекі фото.

«Адамдар өздігінен келіп қарала бермейді. Сондықтан емделушілер арасынан еріктерімен аутрич қызметкерлер таңдалды. Олардың көмегімен бірнеше адамды тексерістен өткіздік. Бастама оң нәтижесін беріп жатыр. Біз осыған дейін де тұрғындарға орталыққа келіп тексерілудің тегін екенін айтып келеміз. Қаралатын кез келген адам туралы ақпарат жасырын сақталады. Жұқпалы аурудың жыныстық қатынас арқылы таралу жолдарынан сақтану керек. Егер серігіңізді алмастырсаңыз, бір аптадан кейін міндетті түрде тексеріліңіз. Себебі аурудың белгілері бірден көрінбеуі мүмкін. Инфекцияны бір аптаның ішінде анықтауға болады», — дейді облыстық ЖИТС орталығы бас дәрігерінің орынбасары Анна Каспирова.

Қазір жұқпалы аурумен күрес орталығында ВИЧ-инфекция жұқтырған азаматтар көмек көрсету мақсатында есірткі қолданатындарды, жезөкшелер мен гомосексуалдарды тексерістен өтуге ертіп әкеліп жатыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
1
4
0
4
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір