RU
Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы қамауға алынды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы қамауға алынды

Рассказать Вконтакте

10 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікпен Сыртқы істер министрлігінің бұрынғы хатшысы Анарбек Қарашев ұсталды деп хабарлайды NUR.KZ.

Анарбек Қарашев.

Анарбек Қарашев.

"Ол жауапкершілігі мол қызметті атқара отырып Сәкенова, Нұрекенов, Жұмасайынова есімді министрліктің қарамағындағы ұйым басшыларының заңға қайшы әрекеттерін жасырған. Осы үшін Қарашев жүйелі түрде 10 миллион теңгеден аса заңсыз сыйақы алып отырған", - дейді Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Нұрлан Жахин.

Ұлттық бюро хабарлағандай, аталған үш мемлекеттік қызметкер қылмыстық жоспар құрып, министрлік үшін қызметтер көрсетуге шарттар жасаған және оларды кедергісіз қабылдау үшін кәсіпкерлерден 20 млн теңгеден аса пара алған.

"Қылмыстық жауапкершілікке алты адам тартылды. Қарашев пен Нұрекенов қамауға алынды, ал Сәкенова үй қамауында отыр", - деді Нұрлан Жахин.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
3
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір