RU
Тараздық келіншектен Қырғызстанда құлдықта жүрген әйел көмек сұраған (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Тараздық келіншектен Қырғызстанда құлдықта жүрген әйел көмек сұраған (видео)

Рассказать Вконтакте

Тараздық келіншек баласына арнап сатып алған шалбардың белінен "Көмектесіңіздер, мен құлдықтамын", деген жазу тауып алған деп Вечерний Бишкек сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: hristiane.ru

Көрнекі фото: hristiane.ru

Аз ғана уақыттың ішінде желіде танымал болған видеода тараздық келіншек баласына арнап алған шалбарын көрсетті. Шалбардың белі қызына тар болғандықтан, резенкесін алмақшы болған.

Сол сәтте резенкеден "Көмектесіңіздер, мен құлдықтамын. Лебединовка ауданы", - деген жазбаны көрген.

Видеода келіншек жазуды қалай тауып алғанын көрсеткен.

Лебединовка ауылы Таразға жақын жерде орналасқан. Қырғызстандағы Шу облысының Аламудун ауданына қарасты ауыл.

Мәселенің мән-жайын анықтау үшін басылым құқық қорғау органдарына сұрау жіберген.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
14
4
12
0
0
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel