RU
Өзбекстан президенті Рамазан айында 200-ден аса адамды бостандыққа жіберді
Жаңалықтар Әлемде

Өзбекстан президенті Рамазан айында 200-ден аса адамды бостандыққа жіберді

Рассказать Вконтакте

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 12 маусымда "Жасаған ісіне өкініп, тәубеге келген жазасын өтеушілер тобына рақымшылық беру туралы" заңға қол қойды деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Публика.uz

Фото: Публика.uz

Қасиетті Рамазан айына байланысты және Өзбекстан Конституциясының 93-бабы 23-тармағына сәйкес қабылданған жарлық бойынша 226 азаматқа рақымшылық жарияланды.

Олар - білместікпен қылмыс жасап, ол ісіне өкінген, таза жолға түскен жазасын өтеушілер.

Рақымшылыққа ілінгендер ішінде 102 адам жазадан толықтай босатылды, 71 адам шартты түрде бостандыққа шығады, 39 адамның жазасы жұмсартылады. Осылайша түзеу мекемесінен 212 адам босап шығады. Бұған қоса 14 адамға берілген жаза мерзімі қысқартылады.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
2
0
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel