RU
Өзінен 18 жас үлкен жігітке алданып қалған алматылық түлек жан сырымен бөлісті
Жаңалықтар Қоғам

Өзінен 18 жас үлкен жігітке алданып қалған алматылық түлек жан сырымен бөлісті

Рассказать Вконтакте

Алматылық түлек көңіл жарастырған азаматының өзінен 18 жас үлкен екенін білгенде төбесінен жай түскендей болған. Мектепті енді ғана бітірген қыз ер адаммен желі арқылы танысқан деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: islam.ru

Көрнекі фото: islam.ru

17 жастағы арудың сөзіншше, ер адам алғашында өзін 1994 жылдың тумасымын деп таныстырған. Кейін олар сөзі жарасып кездесе бастаған.

Айтуынша, жігіт тіпті қызды іздеп жеке көлігімен ауылына да келетін болған.

"Оның тұрақты жұмысы, жеке көлігі бар. Менің ауылымда ешқандай танысы болмаса да, мен үшін жалғыз өзі көлігімен келіп, маған үйленгісі келетінін жиі айтады", - деген қыз бейтаныс жігітпен қарым-қатынасын жалғастыра берген.

Бірде қыздың ағасының достары оларды көшеде бірге көреді. Сосын жеңгесіне қайынсіңлісінің 1983 жылғы жігітпен жүріп жүргенін ескертеді.

"Үйге келіп жеңгеммен сөйлесіп едім, ағамның достары хабарласыпты. Сонымен жігітім менен 18 жас үлкен болып шықты", - дейді ол.

Осы оқиғадан соң жігітімен ашық сөйлескенде ер адам шынайы жасын мойындап, оны шынымен жақсы көретінін айтқан.

"Ол маған дейін үйленбеген, маған сезімі бар екенін үйленгісі келетінін айтты, - деген ару оны өзі де ұнатып қалғанын жасырмады.

Ата-анасына бұл туралы айтуға жүрексініп отырған оқушы енді жұрттан кеңес сұрап отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
2
0
7
1
8
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel