RU
Германияда мұсылман әйелді аяусыз сабап кетті
Жаңалықтар Әлемде

Германияда мұсылман әйелді аяусыз сабап кетті

Рассказать Вконтакте

Германияның Гельзенкирхен қаласында ұлтшыл азамат 43 жастағы түрік әйел Айше Бинекті аяусыз сабап кеткен. Бұл туралы oxu.az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы хабарлайды.

Фото: oxu.az

Фото: oxu.az

Ұлтшыл қала тұрғынының таяғынан мұсылман әйелді жолдан өткен азамат құтқарып қалған. Полицейлер қатыгез ер адамды қамауға алып, әйелді ауруханаға жеткізген.

Жәбірленушінің айтуынша, оның соққыға жығылуына себеп болған - басына орамал таққаны екен.

"Мен ғимараттың жанына келіп, көлігімді қоя бергенімде менімен жанжалдасқысы келіп тұрған ер адамды байқадым. Бірақ оны көрмегендей сыңай таныттым. Содан кейін ғана "жергілік тұрғындарға арналған тұрақ" деген жазуды байқадым.

Көлігіме қайта келіп, басқа жерге қояйын деп жатқанымда, алдыма бір ер адам тұрып алып, мені ұра бастады", - дейді Бинек.

Айше өзінің алған дене жарақаттарына қарамастан, полицейлер ер адамды жазаламай, жібере салады ма деп күдіктеніп отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
2
4
7
3
1
2
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір