RU
Риддерден Өскеменге қарай жолға шыққан студент жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Риддерден Өскеменге қарай жолға шыққан студент жұмбақ жағдайда жоғалып кетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Полицейлер осыдан он күн бұрын Өскемен қаласына жұмыстарымен кетіп, қайта оралмаған риддерлік Александр Козьминге іздеу жариялады деп хабарлайды Altaynews сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Александр Козьмин. Фото: altaynews.kz

Александр Козьмин. Фото: altaynews.kz

Стоматологиялық колледжде оқитын студент күнделікті Риддерден Өскеменге оқуына бару үшін жолға шығады екен.

Өскеменге қарай 4 маусымда кеткен жігітпен анасы бір күннен кейін хабарласа алмай қалған. 6 маусымнан бері телефоны сөндірулі. Қазір еріктілер мен полиция қызметкерлері іздеу шараларын бастап кетті.

"Ұлымды көріп, танып қалғандар бір хабар беретін шығар деп үміттенімін", — дейді Александрдың анасы.

Александр ерекше белгілері: Бойы шамамен 175-180 см, шашы қарақоңыр түсті, ернінің үстінде және иегінде меңдері бар, мұрыны сынғандықтан, аздап қисайған, дөңестеу.

Туыстары егер Сашаға қатысты қандай да бір ақпарат білетін болсаңыз 8-705-498-12-42 (Екатерина) хабарласуың сұрап отыр.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
1
4
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel