RU
Қазақстанда 1 шілдеден бастап зейнетақы өседі
Жаңалықтар Саясат және экономика

Қазақстанда 1 шілдеден бастап зейнетақы өседі

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда бірінші шілдеден бастап зейнеткерлер жаңа тәсіл бойынша зейнетақы алады. Бұл туралы NUR.KZ порталы "Азаматтарға арналған үкіметке" сілтеме жасап хабарлайды.

Зейнетақы. Көрнекі фото: Костанай ТВ

Зейнетақы. Көрнекі фото: Костанай ТВ

Әзірге қазақстандықтардың зейнетақысы 15 274 теңгені, яғни ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 пайызын құрайды.

Зейнетақының дәл осы бөлігі өзгеріске ұшырап, бірінші шілдеден бастап зейнетақы жүйесіне қатысу ұзақтығы ескерілетін болады: 1998 жылдың 1 шілдесіне дейінгілер және бұл мерзімнен кейінгілер.

БЖЗҚ-да мүлде аударымы болмаған немесе он жылдан төмен уақыт аударымы болғандар үшін зейнетақы 15 274 теңге болып қала береді. Ал 20 жыл бойы аударым жасағандар ең төменгі күнкөрістің 74 пайызын алады, 30 жыл аударым бар болса - 94 пайыз. Егер 33 жылдан асса – 28 284 теңге.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
3
3
0
7
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel