RU
Таразда самбо әдісімен адамды атып ұрған полицей өз әрекетін түсіндірді
Жаңалықтар Қоғам

Таразда самбо әдісімен адамды атып ұрған полицей өз әрекетін түсіндірді

Рассказать Вконтакте

Таразда самбо әдісімен тас жолға жолаушыны атып ұрған полицейдің әрекеті қызу талқылануда. Видеоны көргендердің дені тәртіп сақшысын қолдап отыр. Шу болған жағдайға қатысты инспектордың өзі де түсініктеме берді деп хабарлайды КТК арнасы.

Полицей. Видеодан скриншот

Полицей. Видеодан скриншот

Тапа-тал түсте қаладағы басты көшелердің бірінде болған оқиғаны куәгерлер баяндап берді. Олардың сөзінше, жол қозғалысын реттеп тұрған полицейге жолаушы келіп тиісе жөнелген.

Яғни жеңіл көліктердің бірінің жолаушысына тәртіп сақшысының көлікті жібермей қоюы ұнамай қалыпты. Сол үшін инспекторды балағаттаған.

Полицей оны жауапқа тартқызу үшін бөлімшеге әкетпек болады. Алайда ол қарсылық білдіріп, заң өкілінің жағасына жарамасқан. Сол сәтте лейтенант Қуаныш Ақпанов оған қарсы самбо әдісін қолданып, жерге атып ұрыпты.

Ал тәртіп сақшысын балағаттаған азамат енді айыппұл төлейді.

"Ол ары қарай қарсылық көрсетіп, менің жағамнан алып, күш көрсете бастады. Сол себепті біз қызметтік жауынгерлік тәсіл көрсетіп, құлатып, қолын қайырып, Тараз қаласы ішкі істер басқармасының бірінші полиция бөліміне жеткіздік", - дейді жол патрульдік полиция инспекторы Қуаныш Ақпанов.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
31
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel