RU
Алматыда отадан соң көз жұмған баланың ісіне қатысты сұмдық жайттың беті ашылды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда отадан соң көз жұмған баланың ісіне қатысты сұмдық жайттың беті ашылды

Рассказать Вконтакте

Алматыда жекеменшік емханада жасалған отадан кейін қайтыс болған баланың өліміне қатысты жүргізілген тексеріс сұмдық жайттың бетін ашты деп хабарлайды КТК арнасы.

Емхана. фото: Ivbg.ru

Емхана. фото: Ivbg.ru

Балақай жүрегі кенеттен тоқтауынан емес, дәрігерлердің анестезиологиялық әдісті дұрыс қолданбағанынан көз жұмған.

Бүлдіршіннің анасы жанжал шығарып, іске комиссия араласқан. Мамандар анықтағандай, Миронның жарасын кесіп алу үшін ақ халаттылар анестезиологиялық препаратты мөлшерден тыс және бір-бірімен үйлеспейтін дәрілермен қоса беріпті.

Ол аздай, отадан кейін де емдеу мекемесінде дұрыс күтім жасамаған. Салдарынан баланың ішкі ағзаларына зақым келген.

Комиссия істі дереу полицияға тапсырды. Десе де, клиниканың жұмысы тоқтаған жоқ. Тек хирург, анестезиолог пен бөлім меңгерушісі жұмысынан уақытша шеттетілген.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
3
10
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір