RU
Ауа райы болжамы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде бұршақ жауып, дауыл тұрады
Жаңалықтар Қоғам

Ауа райы болжамы: Бүгін еліміздің басым бөлігінде бұршақ жауып, дауыл тұрады

Рассказать Вконтакте

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағында құбылмалы ауа райы сақталады. Тек оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейіп, дауыл соғады, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте шаңды дауыл болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: pre.e-zdravnitsa.ru

Көрнекі фото: pre.e-zdravnitsa.ru
Source: UGC

Синоптиктердің болжамынша, Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде кей жерлерде және күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшпен жел соғады, екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы 23 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының жекелеген жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында сондай-ақ шаңды дауыл күтіледі. Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген аумақтарында найзағай ойнайды, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді. Күндіз Шығыс Қазақстан облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз Қостанай облысында найзағай күтіледі.

Сондай-ақ, синоптиктердің хабарлауынша, Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Атырау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel