RU
Алматы облысында айлығын ала алмай жүрген казино қызметкерлері аштық жариялады
Жаңалықтар Қоғам

Алматы облысында айлығын ала алмай жүрген казино қызметкерлері аштық жариялады

Рассказать Вконтакте

Алматы облысында казино қызметкерлері үш айлық жалақыларын талап етіп, аштық жариялады. Айлығын ала алмай жүрген 420 адамның ішінде дилерлер, даяшылар, күзетшілер де бар. Олардың барар жерлері болмағандықтан жабылып қалған бос казинода бір айы бойы тұрып келеді. Бұл туралы КТК арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: КТК

Фото: КТК

Айлығын даулаған қызметкерлер казино басшылығы тиісті ақшаларын бермейінше аштық жариялаймыз деп отыр. Мәселенің шешілуіне көмектескелі тұрған жергілікті шенеуніктерге олар сенбейді.

“Екінші күн болды аштық жариялағанымызға. Қан қысымым түсіп, қол-аяғымыз дірілдеп жатыр”,- дейді казино қызметкері Әсел Көбенова.
Фото: КТК

Фото: КТК

Қиналып жатқан казино қызметкерлерінің барлығы «Алтын алма», «Алма city» казиноларында жұмыс істеген. Олар жабылғасын, қарызға батып, басшылық ақшаларын қайтармаған соң қарызға да батып кеткен.

«Бізді осындай жағдайға дейін жеткізді. Сондықтан аштық жариялап отырмыз. Өйткені, бізге бұдан шығатын басқа жол жоқ. Бәріміз көк тыйынсыз отырмыз. Бәрінің екі-үштен балалар бар, оның үстіне көбісі несие алған”, - дейді қызметкер Диана Фадеева.

Ең сорақысы, ойынхана иелері бұларды қызметке құжатсыз қабылдаған. Сондықтан, құзырлы орынға жүгіне алмайды.

Фото: КТК

Фото: КТК

Казино басшылығымен келіссөздер жүргіземін деп Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар сөз берді.

“Мәселенің мән-жайын анықтауымыз керек. Жаңағы екі акционермен жұмыс жүргізіп, сіздердің жалақыларыңызды алуға біз жұмыс істейміз”, - дейді Алматы облысы әкімінің орынбасары Жақсылық Омар.

Белгіл болғандай, казиноның екі басшысы бір-бірімен келіспей қалған.

“Қожайындар өзара келісімге келе алмай жатқандықтан, мына «Алма city» ғимараты сатылмай жатыр. Сатылғаннан кейін барлық қарызымызды төлейміз. Екеуінің де келісімі керек. Екі қожайынның да. Келісім бермейінше сатылуы мүмкін емес”, - деп түсіндірді казино директоры Ерлан Қашағанов.
Фото: КТК

Фото: КТК

Ақшаларының тез арада қайтаруын талап еткен қызметкерлер аштық шарасын тоқтатпақ емес.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
4
0
0
1
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel