RU
Cелмен ағып келген бірнеше ауғанстандықтың денесі тұрғындарды шошытты
Жаңалықтар Әлемде

Cелмен ағып келген бірнеше ауғанстандықтың денесі тұрғындарды шошытты

Рассказать Вконтакте

Түркіменстанда селмен ағып келген бірнеше ауғанстандықтың денесі табылған деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: centralasian.org

Көрнекі фото: centralasian.org

Айта кетейік, Түркіменстанда мамыр айының соңында бірнеше күн қатарынан нөсер жаңбыр жауған. Салдарынан оңтүстік-шығыстағы Мары уәлаятындағы бірнеше ауылды су басып қалған.

"Осыған дейін де ұзаққа созылатын жаңбыр ауылға қатер төндіретін. Бұл жолы Мургап өзені арнасынан асып, ауылды сел басты. Су тасыған кезде Марчак ауылына суға батып кеткен Ауғанстан тұрғындарының денесі ағып келді", - дейді Тагтабазар тұрғыны Азатлык радиосына.

Ауыл тұрғының сөзінше олардың саны сегіз.

"Кейін ағыс тоқтап, сел бәсеңдеген кезде, балшықтан сегіз адамның денесі табылды. Ауғанстан жақтан ағып келген. Олардың денесі жақын маңдағы мазарға жерленді", - дейді Мары уәлаятының тұрғыны.
Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
2
0
8
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel