RU
Қаламаймыз: Астаналық ата-аналар қазақ мектебінде орыс сыныбының ашылуына қарсы шықты
Жаңалықтар Қоғам

Қаламаймыз: Астаналық ата-аналар қазақ мектебінде орыс сыныбының ашылуына қарсы шықты

Рассказать Вконтакте

Астанадағы №77 мектептің ата-аналары шу көтеріп, білім басқармасының бастамасына қарсылықтарын білдірді. Олар елордадағы қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын жалғыз білім ордасына орыс тілінің енгізілуін қаламаймыз деп отыр. Бұл туралы 31 арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: sn.kz

Фото: sn.kz

Бір аптадан бері Астанадағы №77 мектептен маза қашқан. Гимназияда орыс тілі сыныптары ашылады дегенді естіген наразы топ күнде жиналыс өткізіп, қала әкімдігінің табалдырығын тоздырумен жүреді екен.

Шағымданушылардың айтуынша, онсыз да ана тіліне шорқақ қаланың балалары үзілісте орысша сөйлейді. Сондықтан, олар қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектепке орысша оқитындарды араластыру ұрпағымыздың болашағына қауіп төндіреді деп отыр.

"Қазақ мектебінің орыс сыныбын ашам деуі ұлттың, тілдің тағдырына емес, тәуелсіздіктің тағдырына балта шабу. Ата-аналар сол үшін қарсы", - дейді шағымданушы әке Көпен Ерқасов.

Мектеп басшылығы болса бұл бастамаға өздерінің де қарсы екендерін жеткізді.

"Біз, әрине, қарсымыз. Устав бойынша тіл мен әдебиетті дамытып қана емес, салт дәстүрімізді, рухани жаңғыру бойынша ұлттық сананы оқушының бойында дәріптеу", - деді Астана қаласы №77 мектеп-гимназиясы оқу ісінің меңгерушісі Айман Сүбебаева.

Шуға қатысты өз пікірін білдірген білім басқармасының өкілі еш алаңдаудың қажеті жоқ екенін жеткізді.

"Орыс сыныптарын ашу бойынша шешім қабылдаған жоқпыз. Мемлекеттік тілде мектеп болды, сол бойынша жұмысын жалғастырады", - деді Астана қаласы әкімдігі Білім басқармасының баспасөз қызметі өкілі Жазира Асанова.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
2
0
0
40
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір