RU
Өлім аузында жатқан адамға тұрмысқа шығып, пәтерлі болған әйел жаға ұстатты
Жаңалықтар Әлемде

Өлім аузында жатқан адамға тұрмысқа шығып, пәтерлі болған әйел жаға ұстатты

Рассказать Вконтакте

Ресейде заңды некеге кеше ғана тұрған азаматша күні бүгін пәтерге ие жесір әйел болып шыға келді. Үйленгеннен бір күннен соң күйеуі көз жұмған әйел оның пәтерін мұрагерлікке алған. Курган облысына қарасты Шадрин аудандық соты жергілікті тұрғынның шыныменде пәтер иесі болып табылатыныны заңды түрде растады деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: hosting.ru

Фото: hosting.ru

Ресейлік азаматшаның күйеуі некелесудің ертеңіне қатты науқастанып, ауруханада қайтыс болған. Марқұм өз пәтерін сүйіктісінің атына жазып кетемін деп артынан үлкен дау туғызған.

Ер адамның қызы пәтерге ие болған әйелдің алаяқ екенін айтып, сот органдарына қайта-қайта шағым түсіруде. Оның айтуынша, ол марқұмның ауыруын пайдалана отырып оның басын айналдыра пәтерді өз атына жаздыртып алған.

Алайда, бойжеткеннің сөзін не облыстық не аудандық сот қолдамады. Сот органдары жесір әйелдің жағын ұстанды. Өйткені, жүргізілген сараптама қорытындысы ер адамның қайтыс болар алдында ақыл-есі қалыпты, ешбір ақаусыз болғанын растады. Оған қоса арнайы маман, өсиет хатта тұрған қолдың марқұмға тиесілі екенін де заңды түрде дәлелдеді.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
6
2
2
2
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel