RU
Ресей билігі өз қыздарын қонақтармен төсектес болмауға шақырды
Жаңалықтар Әлем чемпионаты - 2018

Ресей билігі өз қыздарын қонақтармен төсектес болмауға шақырды

Рассказать Вконтакте

Футболдан әлем чемпионатын өткізетін Ресейде мыңдаған шетелдік қонақтардың келуі ел халқын үлкен әбігерге салуда. Көпшілік, онымен қоса отбасы, әйелдер мен балалар құқығы жөніндегі комитет те бұл мәселеге орай дабыл қағуда. Олар бойжеткендерге әлем чемпионатына келетін өзге ел азаматтарымен жыныстық қатынасқа түспеуге шақырды деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Отбасы, әйелдер мен балалар жөніндегі комитет төрайымы Тамара Плетнева орыс бойжеткендерге үндеу жасап, өз келелі кеңесін берген.

Ол жергілікті бойжеткендерге әлем чемпионатына орай елге қаптай келетін меймандармен көңіл қосып, төсектес болудан бас тартуға шақырды.

"Елге келген қонақтармен жыныстық қатынасқа түспеулеріңізді сұраймын. Кейін өкініп, балаңызды өзге ел азаматынан ала алмай жүрген әйелдер күйін кешесіздер. Ондайлардың саны Ресейде жетіп артылады. Нағыз ер азматтар десеңіз орыс жігіттері арасында да бар" , - деп айтты Тамара Плетнева.
Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Оның пайымдауынша, ресейлік бойжеткендер шетелдіктердің кілең барлығын бай ауқатты санайды деп, сылқымдардың білім саяздығы мен алды-артын ойламау қабілетін сынап тастады.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
2
0
0
0
9
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір