RU
"Байсыз қалғаным артық": Танымал журналист қытайға тұрмысқа шыққан қазақ қыздарына шүйлікті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

"Байсыз қалғаным артық": Танымал журналист қытайға тұрмысқа шыққан қазақ қыздарына шүйлікті (видео)

Рассказать Вконтакте

Танымал телерадиожүргізуші Аяна Ғабдуллина өзінің Instagram-дағы парақшасында Қытай азаматтарына тұрмысқа шығатын қазақ қыздарына шүйлікті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: ayana_gabdullina

Фото: ayana_gabdullina

"2017 жылы қаңтар мен шілде арасында 5000 қазақ қызы Қытайға тұрмысқа шыққан екен. Қанша бала дүниеге әкелгенін санамай-ақ та қояйын, ойламай-ақ та қояйын. Енді айтып жатыр: сүйіп қосылып жатыр деп . Ол қайдан деймін да. Ненің махаббаты деймін. Сол баяғы біздің қыздардың жақсы өмір сүруіне талпынысы шығар. Соларға тағы бір қытай туып бергенше, мен одан да байсыз қалғаным артық деп ойлап отырмын. Дегенмен де бізге бармақтай бақ берсін дейміз. Махаббатсыз тұрмысқа шығып қалсақ та, қазаққа шығайық енді", - деді Аяна өз жазбасында.

Оның айтуынша, Қазақстанда дүниеге бала әкелуге шек қойылмаған. Сол себепті Аяна қазақ қыздарын шекесі торсықтай ұл-қыздарды дүниеге әкелуге, көбеюге шақырған.

Телерадиожүргізуші видеоүндеуін әдемі тілекпен аяқтады.

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
0
3
1
2
95
6
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір