Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сымбатымен талайды тамсандырған күйші ректор болып тағайындалды (фото)

Опубликовано:

Елімізге танымал күйші, дирижер Арман Жүдебаев Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының ректоры болып тағайындалды. 100 жаңа есімнің қатарына енген ректор күйшілік өнерімен талайды таңғалдырып жүр деп хабарлайды NUR.KZ.

Жүдебаев. Фото-коллаж: NUR.KZ
Жүдебаев. Фото-коллаж: NUR.KZ: UGC

Түркия, Австрия, Германия мен Қытай сахналарында өнер көрсеткен Жүдебаев 2013 жылдан бері ұлттық консерваторияда бас дирижер болып қызмет атқарған.

31 жастағы азамат 2015 жылдың қыркүйегінде Бота есімді арумен шаңырақ көтерген.

Сондай-ақ дирижер осыдан үш ай бұрын қызды болған.

Жүдебаев атақты "Оркестрлер айтысы" жобасының авторларының бірі, аталған жоба консерваторияның Астанадағы гала-концертінде таныстырылды.

Арман Жүдебаев елімізге танымал әншілер Майра Мұхамедқызымен және ҰЖеңіс Ысқақовамен.

Жүдебаев кезекті концерттен соң, өнер адамдарымен бірге.

Арман Жүдебаев телеарнадағы бағдараламалардың бірінде қонақта.

Сондай-ақ танымал күйші сүйгенімен түскен суреттерін желі қолданушыларымен жиі бөлісіп отырады.

Айта кетейік, Арман Жүдебаев Құрманғазы атындағы консерваторияға ректор болып, Жәния Әубәкірованың орнына келді.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1737118-symbatymen-talajdy-tamsandyrgan-kjsi-rektor-bolyp-tagajyndaldy-foto/

pixel