RU
ӘЧ-2018: Фанаттардың алаңға тауық әкелуіне тыйым салынды
Жаңалықтар Әлем чемпионаты - 2018

ӘЧ-2018: Фанаттардың алаңға тауық әкелуіне тыйым салынды

Рассказать Вконтакте

Нигерия құрама командасының жанкүйерлері Калиниград облысының билігінен футбол ойындарына өз тауықтарын алып келуге рұқсат сұраған болатын. Бұл өтінішті ресейлік тарап орындамайтындарын бірден басып айтқан деп хабарлайды prosport.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: prosport.kz

Фото: prosport.kz

"Біздің ақпараттық орталыққа көптеген сұрақтар мен өтініштер түсіп тұрады. Мәселен Нигерия жанкүйерлері алаңға тауықпен кіруге болады ма деп сұрады. Тауық олардың рәмізі, сол себепті оны алып жүрудің өз маңыздылығы да бар. Алайда, оған қарамастан біз мұндай әрекеттерге жол бере алмайтынымызды айттық.
Бірақ дәмді тауық дайындайтын жерді біз тауып бере аламыз, әрине" , - деп мәлімдеді облыстың мәдениет және туризм министрі Андрей Ермак.

Әлем чемпионаты аясында Калининградта төрт ойын болып өтпек. 16 маусым күні Нигерия Хорватиямен ойнаса, 22-сі күні Сербия мен Швейцария өзара бақ сынасады. Оған қоса маусымның 25-і Испания мен Марокко арасында кездесу өтсе, 28-і Англия мен Бельгия өзара үздікті анықтайды.

Калининградтағы стадионға 35 мың адамға дейін сыйып кетеді.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 14 маусым мен 15 шілде аралығында өтпек.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір