RU
Тоқтамай жауған бұршақ семейліктердің үрейін ұшырды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Тоқтамай жауған бұршақ семейліктердің үрейін ұшырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Кеше Семей қаласында толассыз жаңбыр жауып, жел күшейіп, бұршақ жауды. Қала тұрғындары әлеуметтік желілерде табиғат салдарынан болған келеңсіз жайттармен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеодағы скриншот.

Видеодағы скриншот.
Source: UGC

Шелектеп аққан жауын кесірінен бірнеше көше су астында қалды. Желдің күшейгені сонша ағаштар құлап жатты. Соның салдарынан электротасымал жолақтары зақымдалды.

Бұршақтың ірілігі барлық семейліктерді шошытты.

Тұрғындар табиғаттың тосын сыйын суретке түсіріп, бөлісіп жатты.

Еске салайық, Семейде құтқарушылар көшелер мен аулалардағы суды сорғымен тартқылап жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel