RU
Гүлнұр Оразымбетова өмірінде жағымсыз жайттардың көбейіп кеткенін айтты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Гүлнұр Оразымбетова өмірінде жағымсыз жайттардың көбейіп кеткенін айтты

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші, тележүргізуші Гүлнұр Оразымбетова басынан өтіп жатқан ауыр күндері жайлы сыр шертіп, оқырмандарынан кеңес сұрады деп жазады NUR.KZ.

Гүлнұр Оразымбетова. Фото: ВКонтакте

Гүлнұр Оразымбетова. Фото: ВКонтакте

Әнші соңғы 15 күні ауыр жағдайларға толы болғанын жасырмады.

" Соңғы 15 күнде өмірімде жағымсыз, жанға ауыр тиетіндей жағдайлар орын алды. Қалай ойлайсыз, қазір бір күндік көңілмен өмір сүретіндердің қатары көбейіп кеткен сияқты ма? Бір-біріне өкпелеп жүрген xалық. Өзін сенен жоғары қоятын кішкентай "тұлғалар". Әліптің артын бақпай, айғайға басатын "айғайшылар".

Бар кезінде қадірін білмеппіз-ау деп өкінген - өкінгіштер. Күліп жүргеніңді күндейтін "күндестен"жаман - жамандар. Неге өйтпейсіз, бүйтпейсіз деп ақыл айтушы - ақылшылар. Көмектессең, бар болғасын көмектеспей қайтед дейді. Көмектеспесең, неге көмектеспейсің дейді. Айта берсем парақшамда орын жетпейтін сияқты. Ең жақын деген жақының бір күнде "алыстың алысы" болып шыға келсе, не дейсіз?!", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Ал желі қолданушылары сүйікті әншілерінің өмірінде қандай оқиға орын алғанын біле алмай, алаңдап қалды.

"Соңы жақсы болсын", "Бәрін жүрегіңізге жақын қабылдамаңыз", "Болатын нәрсе бәрібір өмірімізде орын алады" деп жұбату айтты оқырмандар.

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
9
1
4
3
0
2
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір