RU
Әблязов роликтерінің ел білмеген шындығы ашылды
Жаңалықтар Саясат және экономика

Әблязов роликтерінің ел білмеген шындығы ашылды

Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде «Қазақстанның демократиялық таңдауы» экстремистік ұйымының арандату хабарламалары мен бейнероликтерінің тарағаны анықталды. Онда аталған ұйымның басшысы Мұхтар Әбілязов пен оның сыбайластары Қазақстан азаматтарын 2018 жылғы 23 маусымда митингтерге шығуға шақырған деп хабарлайды gov.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Бұл туралы Бас прокуратураның өкілдері мәлімдеді. Олар желіде тараған көтеріліске итермелейтін видеолардың қалай жасалатынын айтып берді. Анықталғандай, митингке шығуға шақыратын бейнежазбаларды түсірумен Киевтегі жарнама агенттігі айналысады. Олар өз роликтеріне Қазақстанға мүлдем қатысы жоқ арнайы азиаттық келбетті модельдерді түсіреді.

Бейнероликтердің мазмұны шындыққа жанаспайды және қазақстандық қоғамда әлеуметтік алауыздық пен араздықты тудыруға бағытталған.

«ДВК-ның» идеялары мен митингтерді үгіттеу үшін Әбілязовқа шетелде қазақстандық сот төрелігінен жасырынып жүрген Жанар Ахметова, Бота Джардемали және басқа адамдар көмектесуде.
Олардың іс жүзіндегі мақсаты – қылмыстық қудалауды саясаттандырып, Қазақстанда ауыр және аса ауыр қылмыстарды жасағаны үшін жауаптылықтан жалтару.

Үстіміздегі жылдың 12 маусымында Youtube каналында «Мұғалімдер Әбілязовтың митингісіне шығады» деген бейнероликте «қазақстандық жас мұғалім» рөлін Киев қаласында таңдалған актриса ойнаған.

Youtube-тан басқа бейнематериалында, Қазақстанда жұмыс істейді деген және халықты 23 маусымда митингке шығуға шакырған жас жігіт - Әбілязовтың туған жиені Айдар Амангельдиев болып табылады. Ол Қазақстаннан 2009 жылы көшіп кеткен.

Қазіргі уақытта ол Шотландияның қымбат университеттерінің бірі - «Глазгоу Каледонианың» студенті. Бұл университетте жыл сайынғы оқып тұру төлемақысы 20 мың стерлинг фунтты немесе 9 млн теңгені құрайды.

Сотпен 2018 жылғы 13 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының барлық аумақтарында «ДВК-ның» іс-әрекетіне тыйым салынғанын естеріңізге саламыз.

Бас прокуратура «ДВК-ның» экстремистік әрекетіне кез-келген қатысу және оны қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 258 және 405-баптарына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа тартылатынын қайталап түсіндіреді.

Сіздің реакцияңыз
2
8
1
2
2
9
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel