RU
Әйгілі ресейлік әнші Мәдина Сәдуақасовадан кешірім сұрады (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Әйгілі ресейлік әнші Мәдина Сәдуақасовадан кешірім сұрады (видео)

Рассказать Вконтакте

Осыдан біраз уақыт бұрын Мәдина Сәдуақасова мен танымал ресейлік әнші Анна Семеновичтің арасында болған түсініспеушілік желіде тарап кеткен болатын. Осы оқиғадан кейін орыс әншісі қазақстандық көрермендерге жағдайды түсіндіріп берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото-коллаж: NUR.KZ

Фото-коллаж: NUR.KZ

Астанада өткен концерттен соң Мәдина танымал ресейлік әншімен суретке түспекші болады. Дегенмен Анна суретке түсуден бас тартып кетіп қалды. Болған оқиға желіде қызу талқыға түсіп, тез тарап кетті.

Осыдан кейін орыс жұлдызы қазақстандық тыңдармандарға видео үндеу жолдап, жағдайды түсіндіріп берді. Айтуынша, оған құрбысы Мәдина хабарласып, желіде тарап кеткен алып-қашпа әңгімелерді баяндаған.

"Мен Астанаға кең жүрегіммен бардым. Таңертең балалар үйінде болдым. Мен барлық балаға көңіл бөлуге тырыстым. Концертте ән айттым, нәтижесінде қатты тоңдым. Өздеріңіз көргендей үстімде бір ғана көйлек болғандықтан, көптен бері жақын араласатын құрбым Мадинамен суретке түсе алмадым. Менің мұрным қатты қызарып кеткен еді, суретке түсуге мүлде шамам келмеді", - деп ағынан жарылды ресейлік әнші.

Сіздің реакцияңыз
11
3
1
4
1
16
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel