RU
Ұтып алған сыйақысын алуға бетпердемен келген әйел көпшілікті таңғалдырды (фото)
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ұтып алған сыйақысын алуға бетпердемен келген әйел көпшілікті таңғалдырды (фото)

Рассказать Вконтакте

Ямайка тұрғыны Н.Грей "Супер Лотто" лотереясына қатысып 180 мың доллар ұтып алды. Қомақты қаржыға кенелген әйел өз ұтысын алуға бетперде киіп барған деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Ямайкалық азаматша өзінің ұтысына өте қуанышты болған. Оның айтуынша, бұл ақша оған қатты керек кезде келген.

"Мен белшеден қарыздарға кіріп кеткен едім. Қаңтардан бастап лотереяға қатыса бастадым. Енді міне мына ұтыстан алдымен, қарыздарымнан құтылып, саяхаттамақпын", - деп айтты ол.
Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Ұтыс иесі ақшасын алуға бетперде киіп барған. Ол өзі жайлы мәліметтерді анонимді түрде сақтауын өтінген. Әйел адамның айтуынша, ол өзінің қомақты қаржы ұтқанын білгендер оған қастандық жасауы мүмкін. Сол себепті, ол өзін сақтандыру шараларын осылайша қолға алған.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Оның киіп келген бетпердесі көпшіліктің көңілінен шықты. Желі қолданушылары дәл осындай бетперде киіп келуді ойлап тапқан әйелдің тапқырлығына тәнті болған.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
1
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel