Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналықтар әлемнің ең үздік футболшыларын көру үшін Ресейге ағылуда

Опубликовано:

Астаналықтар Ресейде өтетін футболдан әлем чемпионатын тамашалау үшін, кешелі бері көрші елге ағылып жатыр. Елордалық туристік агенттік өкілдерінің сөзіне сенсек, биыл астаналықтардың көпшілігінің таңдауы Ресейге түсіп отыр екен. Бір айға созылатын футбол додасына әсіресе "қалталы азаматтар" жиі баратын көрінеді. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Фото ашық дереккөзден алынды
Фото ашық дереккөзден алынды: UGC

Астаналықтар жаз басталысымен Ресейдің түрлі қалаларында өтетін футбол ойындарына жолдама алып әлек. Елордалық туристік агенттік өкілдерінің айтуынша, биылғы маусымда бас шаһар тұрғындарының арасында Ресейге деген сұраныс артып тұрған көрінеді.

"Бұған себеп әрине кезекті футбол додасы болып отыр. Олардың ішінде әсіресе Мәскеу, Санкт-Петербург пен Сочи қалаларына жолдама алып жатқандар өте көп. Турлардың бағасы әртүрлі, бәрі азаматтардың қалтасына байланысты. Кейбірі бір ойынға қатысып, 1-2 күнге арналған хостелдер қарап жатса, енді бірі бір апталық турларға тапсырып беруде. Бірақ өздеріңіз де білесіздер, Ресейдегі туристік қызмет арзан елдердің қатарынан емес, әрине мұндай айтулы шараларға қалталы азаматтар көп барады",-дейді мамандар.

Сондай-ақ олар Ресейдің Қазан, Екатеринбрург сияқты Астанаға жақын қалаларына барушылардың легі көп екенін алға тартты.

"Футболдан әлем чемпионаты деген күллі әлем көз тіккен айтулы дода ғой. Әрине кез келген адам әлемнің үздік ойыншылары мен олардың ойындарын тамашалағысы келеді. Сондықтан арнайы Ресейге туристік сапарға тапсырып беріп жатқандар жылдағыдан көп. Әсіресе Астанаға ең жақын орналасқан Қазан мен Екатеринбургке барушылар жетіп артылады. Былтыр ЭКСПО-ға байланысты олар біздің елге көптеп келіп еді, биыл керісінше", - дейді мамандар.

Айта кетейік, бүгін Ресейде футболдан чемпионаты басталады. Ойындар Ресейдің 11 қаласында өтеді деп жоспарлануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1737159-astanalyktar-lemni-e-zdik-futbolsylaryn-kru-sin-resejge-agyluda/

pixel