RU
Рамазан айында көрермендердің қаһарына ұшыраған жүргізуші эфирден қуылды (фото)
Жаңалықтар Әлемде

Рамазан айында көрермендердің қаһарына ұшыраған жүргізуші эфирден қуылды (фото)

Рассказать Вконтакте

Кувейтте Амаль Аль-Авади есімді тележүргізуші танымал шоудың жұлдызы бола тұра тікелей эфир кезінде жұмысынан қуылды. Бұл туралы Oxu.Az сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: oxu.az

Фото: oxu.az

Эфир уақытысында Аль-Авади редакторлардың трансляцияны доғару жайлы бұйрығын естіген. 29 жастағы бойжеткенді арнадағы қызметінен сол жерде босатқан. Кейін жүргізуші келісімшарттағы ешқандай ережелерді бұзбағанын жеткізді.

Тележүргізушінің жұмысынан қуылуына оның көйлегіне деген көрерменнің наразылығы себеп болған екен. Олардың ойынша, қасиетті Рамазан айында мұсылмандарға мұндай киім киюге болмайды.

"Рамазан айында тележүргізушілер өте қарапайым болуы керек", - деп жазды көрермендер Twitter желісінде.
Фото: oxu.az

Фото: oxu.az

Аль-Авадидің жұмыстан қуылуына шенді тұлғаның қатысы бар деген де қауесет тарады. Алайда арна бұл пікірді растамады.

Тележұлдыздың кейбір жанкүйерлері оны қолдап, әйел адам өзіне жарасатынын кию керектігін айтты.

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
1
2
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel