RU
Оқырмандарының сынынан шаршаған Қайрат Нұртастың келіншегі оларға ұрысып берді
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Оқырмандарының сынынан шаршаған Қайрат Нұртастың келіншегі оларға ұрысып берді

Рассказать Вконтакте

Қайрат Нұртастың шаңырағының ел алдында жүргені жасырын емес. Алайда әншінң жары көпшіліктің себепсіз сынынан, артық сөзінен шаршаған. Ол өзін себепсіз кінәлайтын оқырмандарына ұрысып тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Қайрат Нұртас жарымен. Фото: Qamshy.kz

Қайрат Нұртас жарымен. Фото: Qamshy.kz
Source: UGC

Жұлдыз Әбдікәрімова елдің "мақтаншақ", "шаршаттың" секілді сөздерінен жалыққанын жасырмады.

"Ай мен күннің аманында, қазіргі заманауи таңда, адамзат даналыққа ұмтылудың орнына керісінше ұсақталып барады. Өкінішті-ақ! Біз тәуелсіз болашақ ұрпақ тәрбиелеудеміз. Оларға үлгі бола білу керекпіз. Өмірді қиындататын сіздің түпкі санаңыз. Бұған ешбір қоғам, заман кінәлі емес. Мен кейбір адамдарды түсінбеймін. Егер "шаршаттың", "балалар сенде ғана бар ма?", "жалықтырдың", "қызық емессің" дейтін болсаңыздар, неліктен біздің отбасымыздың аккаунтына кіріп, ішіңіздегі бар "ақылды" бізге ғана жазасыздар? Тек жазып ғана қоймай ұрсып та, балағаттап та аласыздар?

Түсінер едім, егер де ұшақта біз ғана ұшсақ, Қазақстаннан жалғыз біз отбасымызбен ғана шетелде кезекті демалысын өткізіп жатсақ. Ал, енді ойлаңыз бізбен бірге бірнеше қазақ отбасы келді. Сондағы сол кісілердің демалуына біздің бір септігіміз тиген жоқ қой. Олар да асып-тасып бара жатқанынан демалуға келген жоқ болар. бұл деген миға сыймайтын бос әңгіме. Аллаxтың алдына барғанда әркім өзі үшін жауап бере алса болды", - деді ашуланған Жұлдыз.

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
13
5
4
1
2
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel