RU
Шетел әніне жұлқына билеген әжей елді күлкіге қарық қылды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Шетел әніне жұлқына билеген әжей елді күлкіге қарық қылды (видео)

Рассказать Вконтакте

Шетел әуеніне жұлқына билеген қарт әжейдің әрекеті елді күлкіге қарық қылды. Әлеуметтік желіге тарап кеткен видео көпшіліктің қызу талқысына түсті деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Day.Az

Фото: Day.Az

Желі қолданушылары пайғамбар жасынан асқан әжейдің биін сынап тастады.

"Үлкен кісілерден үлгі аламыз деп жүргенде", "Масқара", "Тәрбие береді деген әжеміздің сиқы осы болса", "21 ғасырдың әжесі ғой", "Киімі де денесі де, жасы да биге сәйкес келмейді", - деп ұрыса жөнелді пікір қалдырушылар.

Ал әлеуметтік желі оқырмандарының екіншілері әжейді мақтай жөнелген.

"Керемет", "Ел алдында шешініп билеп жатқан жоқ. Өз үйінде биледі. Артық ештеңе көріп тұрғаным жоқ", "Жас келсе де, жүрек жас қой", "Жарайсыз, би де жаттығудың бір түрі. Қайта денсаулыққа пайдалы", "Әжеміз кейбір қыздардан да артық билейді екен", - деп тамсанып қалды олар.

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір