RU
Павлодар облысында екі жасар сәби белгісіз себептерден қайтыс болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Павлодар облысында екі жасар сәби белгісіз себептерден қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жедел жәрдем көлігі келіп, баланың өлімін тіркеген. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото.

Көрнекі фото.

2016 жылғы сәбиге көмек керек деген қоңырау "103" қызметіне шамамен сағат кешкі бесте келіп түскен. Дәрігерлер айтқандай, жедел жәрдем айтылған орынға он минут бұрын ерте жеткен, алайда баланы құтқарып қалу мүмкін болмады.

"Сағат 17.15-те дәрігер келе салысымен, баланың өлімі тіркелді. Қайғылы оқиға жайлы ішкі істер бөлімшесіне хабарланды", - дейді Павлодар облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Баланың неден қайтыс болғандығы анықталмады. Осы себеппен оның денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді. Қайғылы оқиға Павлодар қаласының маңында орналасқан Красноармейка ауылында болған.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel