RU
Ақтөбеде бес баласымен бір апта нан жемеген жесір келіншекті ауыл имамы қамқорлығына алды (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде бес баласымен бір апта нан жемеген жесір келіншекті ауыл имамы қамқорлығына алды (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе облысының Шалқар ауданынан хабарласып NUR.KZ порталына қиын жағдайын айтқан Алмагүл Әлжановаға ауыл имамы көмек көрсетті. Қасиетті рамазан айының соңғы күндерінде мешіт қызметкерлері жесір келіншектің отбасына азық-түлік жеткізіп, қаржылай қолдау білдірген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Баласына төленетін жәрдемақыға пәтер жалдап отырған Алмагүл Әлжанова нан жемейтін күндерінің болатынын қинала айтқан еді.

Ауыл имамы мешітке түскен садақаны жоқ жітік отбасыларға таратып берген.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

"Аудандық мешіттің ұйымдастыруымен 10 отбасыға 400 мың теңге қайырымдылық көмек көрсетілді. Көмек мешітке түскен садақа есебінен іске асырылды. Игі іске жергілікті кәсіпкер мен ауыл жастары да үлес қосты. Азық-түлік пен отбасыға қажетті техникалар таратылды. Мұқтаж отбасылардың қатарында еш жерде жұмыс жасамайтын бес балалы келіншек Алмагүл Әлжанова да бар",-дейді Шалқар аудандық мешітінің имамы Бақыт Тойшыбаев.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Имам алдағы уақытта да ауылдағы тұрмысы төмен отбасыларға көмек көрсету шараларын тұрақты түрде ұйымдастыратынын айтты.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
4
8
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір