RU
Ерлі-зайыптылардың адам сенгісіз таныстығы көпшілікті таңғалдырды
Жаңалықтар Калейдоскоп

Ерлі-зайыптылардың адам сенгісіз таныстығы көпшілікті таңғалдырды

Рассказать Вконтакте

Англиядағы Лондонның тұрғындары Эд пен Хайди Савиттер жоғарғы оқу орны қабырғасында танысып, біраз уақыт өткен соң отбасын құрған. Алғашқы таныстықтары оқу барысында болған деп ойлап жүрген ғашықтар бала кезгі суреттерін көріп, қатты қателескендерін түсінген деп хабарлайды fishki.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

2011 жылы алғаш рет табыстық деп ойлап жүрген ерлі-зайыптылар негізінде кішкентай кезінде де кездескен. Оны абайсызда бала күнгі суреттерді ақтарып жатқан Хайди анықтады.

Өзінің ескі суреттерін қарап жатып ол жазғы демалысында түскен суретін көріп қалды. Фотода қасында тұрған ұл баланың күйеуі екенін ол суретті көргенде ғана аңғарған.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Анықталғандай, 1997 жылы екі бала өз отбасыларымен Түркияға демалуға барған. Сол жерде ол Эд есімді баламен танысып, демалыстары аяқталғанша ойнаған.

Демалыс күндері біткен соң үйлеріне оралған оларға 14 жылдан кейін қайта кездесу бұйырды.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Қос ғашық өздерінің қосылғандарын нағыз тағдырдың сыйлығына теңейді. Олар тіпті өздерінің кішкентай күнгі суреттерін қайталап түсіп көруге тырысқан.

Эд Саввит та өзінің ескі суреттерінің арасынан Хайдимен түскен фотосын тауып алды.

Фото: fishki.net

Фото: fishki.net

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
3
10
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel