RU
Жақында ғана татуласқан Анджелина Джоли мен Брэд Питт ақыры ажырасатын болды
Жаңалықтар Әлемде

Жақында ғана татуласқан Анджелина Джоли мен Брэд Питт ақыры ажырасатын болды

Рассказать Вконтакте

Анджелина Джоли мен Брэд Питт өздерінің ажырасу үдерісі жабық түрде болатынын айтқан соң, журналистер оған мән беруді қойған. Алайда осы аптада әлемдік ақпарат құралдарында сот залынан алынған мәліметтер тарап кетті. Бұл туралы spletnik.ru сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: spletnik.ru

Фото: spletnik.ru

Анджелинаның ресми өкілі ол ақпараттың жалған екенін және барлығын адасушылыққа әкелетінін растады.

"Актриса балаларының көңілі мен денсаулығы үшін сот отырысын жекелей түрде өткізді. Ең өкініштісі, белгісіз біреу өзінің жеке басын ғана ойлап, ақпарат құралдарында осындай жалған ақпарат таратып жіберді. Бұл жағдай өте нашар көріністі тудырып отыр", - делінген актрисаның ресми мәлімдемесінде.
Фото: spletnik.ru

Фото: spletnik.ru

Әлемнің алдыңғы қатарлы ақпарат құралдары жұлдызды жұптың қайта табысқаны жөнінде мәлімдеген болатын. Алайда бұл еш нәтиже бермей, екеуі ақыры ажырасатын болды.

Сот Брэд Питке балаларына кез келген уақытта қоңырау шала алатындай мүмкіндік берді. Енді ол Анджелинадан рұқсат сұрамайтын болады. Судьяның ойынша, әкемен болатын қарым-қатынастың аздығы бала психологиясына қатты әсер етеді.

"Балалар үшін әкемен де, анамен де болатын қарым-қатынастың беріктігі маңызды",- деді судья.
Фото: spletnik.ru

Фото: spletnik.ru

Қызықты жаңалығыңыз бола, NUR.KZ порталының WhatsApp нөміріне жолдаңыз: 8 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір