RU
Альвареспен болатын екінші жекпе-жекте Головкин қанша табады?
Жаңалықтар Қоғам

Альвареспен болатын екінші жекпе-жекте Головкин қанша табады?

Рассказать Вконтакте

Головкин мен Альварес арасындағы соңғы кездесу туралы шешім спорт жанкүйерлерін қатты қуантты. Екі жақтың да шартқа қалай келіскені белгісіз, бірақ кездесу 15 қырқүйек күні болады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Геннадий Головкин. Фото: instagram.com/gggboxing

Геннадий Головкин. Фото: instagram.com/gggboxing
Source: UGC

Головкин мен Альварестің екінші кездесуі туралы шешім 14 маусым күні түнде қабылданған болатын. Келісім шарттың талаптары әлі күнге дейін жарияланбады.

Қазақстандық боксшы бұл кездесуде 40 миллион доллардан жоғары ақша алады деп болжануда. Бұл туралы The Ring журналы жазған болатын. Ал Канелоның қанша алатыны әлі күнге дейін белгісіз.

Дегенмен Канелоның командасы соңғы рет сыйақы мөлшерін 42,5 және 57,5 пайызға бөлу туралы жасаған ұсынысын ескерсек, Альварес Головкиннен көп алады. Осы жолы мексикалық боксшының 54 миллион долларға ие болу мүмкіндігі бар.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
0
2
0
0
2
1
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel