RU
Министр Қасымов аулада жыныстық қатынасқа түсетіндерге тыйым салмақшы
Жаңалықтар Қоғам

Министр Қасымов аулада жыныстық қатынасқа түсетіндерге тыйым салмақшы

Рассказать Вконтакте

Астана қаласының тұрғыны Ішкі істер министріне өз ауласындағы тыныштықты бұзатын нашақорлар мен маскүнемдерді айтып шағымданды. Олар қоғамдық орынды басына көтеріп, тіпті жыныстық қатынаспен де айналысады екен. Құлмұханбет Қасымов әйелдің мәселесін жақсы түсінгенін жеткізді деп жазады NUR.KZ.

Фото: gor.kz

Фото: gor.kz
Source: UGC

Егде жастағы тұрғынның айтуынша, бір жыл ішінде оның ауласында төрт адам өлтіру фактісі мен төрт зорлау оқиғасы орын алған. Осыдан кейін аталмыш үйлер арасына бейнебақылау камерасы орнатылыпты. Алайда белгісіз себептермен оларды қосуды "ұмытып" кеткен.

"Шәкен Айманов көшесіндегі қаптаған жатақханалар орналасқан тұйық жолда тұрамыз. Бірнеше жылдан бері камера қоюды сұрап келген едік. Ақыры ол қойылды, бірақ қосылмай қалыпты.
Бізде маскүнемдер жыныстық қатынасқа түсе береді. Сосын мүшеқаптарын сол жерге тастап, жер-көкке шашып кетеді. Оған учаскелік полицейлер де мән бермейді. Таңертең есіктің алды балалар алаңшасы емес, қоқыстар үйіндісіне айналып кетеді", - деп шағымданды Валентина Волошина.

Әйелдің жанайқайына Ішкі істер министрі былай деп жауап берді:

"Мен сіздің мәселеңізді жақсы түсініп тұрмын. Бізде мұндай аулалар бар. Әрине біз барлық жерге патрульдік полицей мен учаскелік инспекторды қоя алмаймыз. Осы жерде отырған қаланың өкілдері бар ма? Мына учаскені бақылауға алыңыздар", - деп тапсырды Қасымов.

Сіздің реакцияңыз
1
1
2
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel