RU
10 жасар қызын көлік рөліне отырғызған ақтөбелік депутат елдің ашуын келтірді
Жаңалықтар Қоғам

10 жасар қызын көлік рөліне отырғызған ақтөбелік депутат елдің ашуын келтірді

Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі қалалық мәслихаттың депутаты Юрий Гончаровтың 10 жасар қызын көлік рөліне отырғызған видеосы тарап кетті. Бұл сәтті депутаттың әйелі видеоға түсіріп, әлеуметтік желіге салып қойған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: nur.kz

Фото: nur.kz

Істің мән-жайын полиция қызметкерлері тексеріп, Юрий Гончаровқа бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салған.

Видеода Гончаровтың 10 жасар қызы әкесінің алдында отырып, көлікті басқарған. Кішкентай қыз өзінің қорқатынын айтып, әкесі қызына демеу берген сәтті оның келіншегі видеоға түсіріп алған екен.

Әлеуметтік желіден видео өшірілгенімен, оны құқық қорғау орындары сақтап алыпты.

"Бұл жерде заңның бұзылғаны айдан анық көрініп тұр. Біріншіден, көлікті арнайы құжаты жоқ адамға табыстауға болмайды. Екіншіден, видеода отырған қыз кәмелет жасына толмаған", - деді Владимир Чебан есімді ақтөбелік заңгер.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!
Сіздің реакцияңыз
3
2
3
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір