RU
Қарағандылық әйел бұрынғы көңілдесінің көзіне сірке суын шашып жіберді
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандылық әйел бұрынғы көңілдесінің көзіне сірке суын шашып жіберді

Рассказать Вконтакте

30 жастағы Абай ауданының тұрғыны бұрынғы көңілдесінің бетіне сірке суын (уксус) төгіп жібергені үшін сот алдына келді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Ер адам. Көрнекі фото: Здоровое зрение

Ер адам. Көрнекі фото: Здоровое зрение

Ішкі істер органдарының ақпаратына сүйенсек, оқиға өткен жылдың 27 қаңтарында болған. Бұрынғы көңілдесі әйелдің үстінен қорлық үшін шағым түсіреді.

Дегенмен жігіт әйелді аяп, қаңтардың 27 жұлдызы күні жазған арызын қайтып алған. Нәтижесінде әйел оны қуып жетіп, бетіне сірке суын шашып жіберген.

Сірке суы жігіттің көзіне төгіліп, ол бетін қармен ысуға кіріседі. Ал ашулы әйел болса, оны тепкілейді. Артынша әйел ізін жасырып үлгергенімен, көп ұзамай қолға түседі.

Медициналық зерттеу бойынша, жігіттің сол көзін күйік шалған, нәтижесінде оның көру қабілеті нашарлаған. Қылмыскер жасаған ісін мойындады. Айтуынша, ол бұл іске көңілдесі үстене арыз жаза бергендіктен барған.

Абай аудандық сотының шешімі бойынша әйел 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар 120 сағат бойы арнайы сот орындаушылары белгілеген орында өтеуге мәжбүр. Сотталушы пробациялық бақылау режиміне қойылған.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
5
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel