RU
"Таңшолпан" бағдарламасының тікелей эфирінде бірден екі рекорд орнатылды (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Таңшолпан" бағдарламасының тікелей эфирінде бірден екі рекорд орнатылды (фото)

Рассказать Вконтакте

"Таңшолпан" бағдарламасының тікелей эфирінде екі бірдей рекордтық көрсеткіш орын алды. Бұл жағдай КИНэС Қазақстан рекордтар кітабына тіркелді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Тимур Спатаев жұма күні Қазақстан телеарнасындағы "Таңшолпан" жобасының тікелей эфирінде үшкір үш шегенің үстінде кеуде көтеру спорттық жаттығуын 15 мәрте қайталады.

Шеге майысып кетпегенде, ол көрсеткішін жиырмаға жеткізуге талпынған. Осылайша қол күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері осы жылдың наурыз айындағы өз рекордын қайта жаңартты. Ол кездегі спортшы 11 рет кеуде көтерген болатын.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Ол аз болса, араға бірнеше минут салып, спортшы тағы бір трюк жасады. Дәл сол үш шегенің үстінде планкада тұрудан ең ұзақ уақыт көрсеткішін тіркемек болды. Тікелей эфирде 14 минуттан астам уақыт тұрған бұл көрсеткіш сарапшылардың назарына алынды.

Рекордтық трюктердің орындалу барысында ереженің бұзылмауын, Қазақстан рекордтар кітабының Астана қаласы бойынша ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов пен бағдарлама жүргізушілері Айкерім Есенәлі, Жансерік Бейсеев және Назерке Нұртас қадағалады.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: UGC

Айта кетейік, Тимур аталмыш рекордты орнату үшін екі жыл дайындалған. Бұл тәсілмен Қазақстанда рекорд орнатқан әзірге жалғыз адам. Алдағы уақытта әлемдік рекордтар кітабына енуді көздейді. Рекордты көрсеткіштер тіркелген таңда аузы ерік спортшы өз рационы мен бірнеше кеңестерін де айта кетті.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
3
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel