RU
Нәзік жандыларды әйнек басуға мәжбүрлеген журналистің ісі елді шошытты (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Нәзік жандыларды әйнек басуға мәжбүрлеген журналистің ісі елді шошытты (видео)

Рассказать Вконтакте

Қыз-келіншектердің бойын билеген қорқынышынан арылтамын деген журналист оларды әйнектің үстімен жүргізді деп хабарлайды ernur.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Дом Магии

Фото: Дом Магии
Source: UGC

Тележурналист Айнұр Асанбердінің айтуынша, әйнекпен жүру бойдағы қорқынышты жеңуге көмектеседі.

"Бүгін осылайша 12 қыз-келіншектің қорқыныш блоктарын алып тастауға тырыстық. Адреналин керемет болды. Әрине осымен олардың өмірі толық өзгеріп кетті деп айта алмаймын. Бірақ белгілі бір мөлшерде сенімділік пайда болып, жаңашылдыққа қадам басқандары анық. Өзімде мұндай теxниканың шапағатын бірден түсінген жоқпын. От басып, шоқ басып жүріп, өзгерістерге қадам бастым. Эзотерика бірден іске қосылып жатса сіз бақыттысыз.

Кейде ол санаңызға жылдар бойы жылулық сыйламауы мүмкін. Бірақ бәрібір ақырындап өзгересіз. Мен әлі де ол ілімімді зерттеп, пайдаланып түбіне жете алмай келем. Кейбір жерде жасаған ырымдарым жүзеге асса, кейде мүлдем іске қосылмай жатады. Дегенмен артынан сол кезде соның болмағаны қандай жақсы болды. Одан да мықты нәтиже күтіп тұрған екен ғой деген ойға қалам. Тағы да ескертем мұны тек бұл теxниканы білетіндермен жасаңыздар. Өздеріңіз қайталамаңыздар", - деді Айнұр Асанберді.

Айта кетейік, бұл видеоны көрген желі қолданушылары өз қорқыныштарын жеңгісі келетінін айтып, нәзік жандылардың батылдығына таңғалды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
1
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel