RU
Қытай көшбасшысы Назарбаевпен кездесуде Абайдың қара сөзін айтып таңғалдырды (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Қытай көшбасшысы Назарбаевпен кездесуде Абайдың қара сөзін айтып таңғалдырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Қытай көшбасшысы Си Цзиньпин қазақтаң Ұлы ақыны Абай шығармашылығымен жақсы таныс. Назарбаев көрші ел президентінің бұл қырын қазақстандық делегациямен Қытайда өткен кездесуде байқағанын айтты деп хабарлайды bnews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ порталы.

Нұрсұлтан Назарбаевтың видеосы Қазақстан президенті телерадиокешенінің ресми парақшасында жарияланған. Онда елбасы Қытайға сапары барысында ерекше жағдайдың қуантқанын мәлім етеді. Си Цзиньпин ресми жиында Абайдың қара сөздерін тілге тиек етіп, 37-сөзінен қытай тілінде мысал келтіріпті.

"Алдыңғы толқын - ағалар,

Артқы толқын - інілер,

Кезекпенен өлінер,

Баяғыдай көрінер", деген Абайдың қара сөзін қытайша айтып отырғаны біздің жанымызға жағады әрине. Бұл Абай бабамыздың халықаралық қатынасқа да әсерін тигізіп отыр деген сөз", - деді елбасы.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
1
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel