RU
Белгілі әнші қатерлі дертке шалдыққан баланы аяқтан тұрғызған дәрігерлерге тәнті болды
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Белгілі әнші қатерлі дертке шалдыққан баланы аяқтан тұрғызған дәрігерлерге тәнті болды

Рассказать Вконтакте

Бүгін Астанада медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты шара өтті. Оған дәрігерлер мен медицина саласына еңбегі сіңген мамандар қатысты. Қала әкімдігі үздік дәрігерлерге миллион теңгенің сертификаты мен пәтер кілттерін табыстады. Сондай-ақ үздіктерге алғаш рет "Алтын шипагер" номинациясы табыс етілді деп xабарлайды NUR.KZ порталы.

Сүндет Байғожин. Фото: tvkultura.ru

Сүндет Байғожин. Фото: tvkultura.ru
Source: UGC

Салтанатты шараға қатысқан Әсет Исекешев ақ xалаттыларды төл мерекемен құттықтап, өзінің де әкесі дәрігер екенін айтып қалды.

"Жасыратыны жоқ, менің де әкем дәрігер. Сіздердің еңбектеріңіз ерен. Астана күн санап өсіп келеді. Демек, тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмек көлемі де арта түспек. Сол еңбекті қалтқысыз атқарып жүрген сіздерге алғысым шексіз", - деді қала әкімі.

Шарада денсаулық саласының үздіктеріне пәтер кілттері мен арнайы миллион теңгелік сертификаттар табысталды.

Сондай-ақ биыл алғаш рет "Алтын шипагер" арнайы номинациясы табысталды. Номинацияны алғаш алғандардың қатарында белгілі опера әншісі Сүндет Байғожин де болды.

"Негізі мен бұл әрекетімді жарияға жар салғым келмеп еді. Бірақ балақайға көмек керек болып, алған жүлдем мен сағатымды беріп жатқан видео желіге жүктелген еді. Кеше ғана оның әкесімен сөйлестім, Түркияда ота сәтті өтіпті.

Енді бірнеше күннен кейін палатаға шығуы керек екен. Осы ретте оның өмірі мен барша адамзаттың өмірін арашалап қалған дәрігерлерге деген алғысым шексіз. Сіздердің алдарыңызда бас иемін", - деді әнші.

Айта кетерлігі, танымал опера әншісіне аталған жүлде әншінің науқас балаға берген жәрдемі үшін табысталған еді.

Жаңалығыңыз болса, порталдың WhatsApp нөміріне жолдаңыз: + 7 747 535 12 98

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel